Басшы

М І Н Е З Д Е М Е

Мәнізоров Бағдат Сайланбайұлы Талды-Қорған облысы, Кировск ауданы, Койбышев  колхозында 1962 жылы 05 қаңтарында туылған, ұлты -қазақ, жоғары білімді, 1983 жылы Қазақтың физкультура институтын физкультура және спорт мамандығы бойынша бітірген. 2002 жылы Қарағанды экономикалық университетін, экономика және менеджмент әлеуметтік аяда және салаларда мамандығы бойынша бітірген. 2008 жылғы 25 қыркұйектегі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің №10 хаттамасына сәйкес, экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілген. 2018 жылғы наурыз айында Қазақ қатынас жолдары университетін, көлік құрылысы мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын  1983 жылы қазан айында бокс жаттықтырушысы болып бастаған. 1984 жылы сәуір айынан бастап  1985 жылдың қаңтар айына дейін Талды-Қорған қаласындағы Тау-кен-тұрмыстық комбинатында қоймашы болып жұмыс істеген. 1985 жылдың наурыз айынан бастап 1986 жылдың 10 маусымына дейін Кировск аудандық тұтынушылар ұйымында сатушы-дайындаушы болып жұмыс жасаған. 1986 жылдың 11 шілдеден бастап «Заготпункт» дүкенде дайындаушы, 1988 жылдан 1993 жылға дейін жүн және елтірінің бас дайындаушысы қызметінде, 1993 жылдың 4 мамырынан бастап 1995 жылдың 25 сәуіріне дейін Кировск ауданы базарының директоры, 1995 жылдың 27 сәуірде облыстық біріккен базарларының Бас директоры қызметінде, 1995 жылдың 19 мамырынан бастап 1999 жылдың 23 маусымына дейін «Шаған» Сауда үйі» ЖШС-нің Президенті болып қызмет атқарған.

1999 жылдың 12 тамызынан бастап Алматы облысы Көксу ауданы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. 2001 жылдың 12 қаңтардан бастап 2001 жылдың 03 тамызына дейін Алматы облысы Көксу ауданы әкімі қызметінде. 2001 жылдың 03 тамызынан бастап 2004 жылдың 19 ақпанына дейін Алматы облысы Ақсу ауданы әкімі қызметіне тағайындалды.

2004 жылдан бастап 2007 жылға дейін Қазақстан тұтынушылар одағының басқарма төрағасының орынбасары қызметінде.

2007 жылдың маусымынан бастап 2008 жылдың шілдесіне дейін Алматы қаласы Мәслихатының депутаты қызметінде.

2008 жылдың 03 шілдеден бастап 2017 жылдың 30 маусымына дейін Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі қызметінде. 2017 жылғы 30 маусымынан бүгінгі күнге дейін Алматы қаласы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы ретінде тағайындалды.

Марапаттары: 2001 жылдың 3 желтоқсанында «Казақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойы медалімен наградталды,  2004 жылдың 20 ақпанында «Алматы облысы Ақсу ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.  2005 жылдың 14 желтоқсанда  «Алматы облысы Көксу ауданының құрметті азаматы» атағы берілді. 2005 жылдың 08 қарашада «Қазақстанның құрметті спорт қайраткері» атағы берілді,  2011 жылы «Құрмет» орденімен наградталды. 2011 года 10 қарашада «Казақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойы медалімен наградталды,  «Казақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерейтойы медалімен наградталды, 2012 жылдың 20 сәуірде «Казақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 20 жыл» мерейтойы медалімен наградталды, 2012 жылдың  20 маусымында «Казақстанның полициясына 20 жыл» мерейтойы медалімен наградталды, 2014 года 07 шілдеде  «Л.Б.Гончаровтың» медалімен наградталды, 2014 жылы «Нұр Отан» Партиясының «Белсенді қызметі үшін» алқа белгісімен наградталды,  2015 жылдың 5 тамызында «Казақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойы медалімен наградталды, «7552 әскери бөліміне 70 жыл» мерейтойы медалімен наградталды, «10 жыл Астана» мерейтойы медалімен наградталды.

Отбасылық жағдайы – үйленген. Үш баласы бар.