Басқарма туралы ереже

Алматы қаласы әкімдігінің

2019 жылғы «___»_________ № ___қаулысына1- қосымша

 

 

«Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ


  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласының аумағында мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы, лицензиялау, аттестаттау, аккредитациялау, жердің пайдаланылуын мен қорғалуы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан РеспубликасыныңКонституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. «Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4.«Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

  1. «Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  2. «Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен«Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  3. «Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

 

  1. «Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы 050010, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Абай даңғылы, 90.
  2. Толық атауы:

мемлекеттік тілде – «Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде – коммунальное государственное учреждение «Управление градостроительного контроля города Алматы».

  1. Осы Ереже «Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  2. «Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  3. «Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

  1. «Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары және міндеттері

 

  1. «Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы –қалалық ортаның сапасы мен қауіпсіздігін бақылауды қамтамасыз ету.
  2. «Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мақсаты: құрылыс нысандарынсалу, пайдалану және жер телімдерін пайдалану кезінде заңнамажәне қала құрылысы құжаттамасының нормаларын сақтауды қамтамасыз ету.
  3. «Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
  • Алматы қаласының аумағында салынып жатқан нысандардың сәулет-құрылыс нормаларын және заңдылықты бұзуына жол бермеу және уақтылы әрекет ету;
  • Алматы қаласының жер ресурстарын тиімді және оңтайлы пайдалануды қамтамасыз ететін бақылауды жүзеге асыру;
  • ғимараттарды пайдалану және жерді пайдаға асыру кезіндегі бұзушылықтарды жою;
  • қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын, оның ішінде сандық технологияларды енгізу арқылы арттыру;

5) жергілікті мемлекеттік басқарудың мүддесі үшін жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

  1. «Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары Қазақстан Республикасының заңамасына сәйкес белгіленген:

1) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру, оның ішінде:

- мониторинг пен үлестік қатысушылардың қаражатын тарту арқылы құрылысты жүзеге асыратын құрылыс компанияларымен өткізілетін жиналыстардың қорытындысы бойынша құқық қорғау органдарына ұсыныстар енгізу;

- құрылыс ұйымдарымен жиналыстар өткізу арқылы үлестік қатысу саласында алаяқтықтың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс пен талдауды қамтамасыз ету;

- үлестік құрылыс саласында бұзушылықтарды анықтау тұрғысында құрылыс нарығына талдау жасау.

2) нысаналы пайдалану бөлігінде жер учаскелерiнiң меншiк иелерiнің және жер пайдаланушылардың қызметіне мониторинг жүргізу;

3) объектіні пайдаланудың кепілдік мерзімі кезінде бұзушылықтарды жоюды бақылау;

4) жер заңнамасын бұзудың іс жүзінде жойылуын бақылауды жүзеге асыру;

5)   қызметтің тиімділігін, сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын, ашықтығын, жеделдігін және қолжетімділігін арттыру үшін бизнес-процестерді цифрландыру;

6) қызмет алушының қанағаттану деңгейін арттыру үшін ашықтық және есеп беру қағидаттарында мемлекеттік қызметтерді көрсету;  

7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру және жақсарту бойынша ұсыныстар енгізу;

8) жүргізілетін жұмыс жөнінде азаматтар мен өзге мүдделі тұлғаларға, сонымен қатар интернеттегі сайт пен әлеуметтік желілер арқылы хабарлау;

9) объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;

10) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы лицензиялауды жүзеге асыру;

11) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру құқығы бойынша сарапшыларды аттестаттау;

12) жобалау құжаттамасының сапасын қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

13) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу;

14) салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан және пайдалануға берілген объектілердің мониторингі;

15) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнаманың белгіленген нормаларын, мемлекеттік нормативтік талаптарды, шарттар мен шектеулерді жол берілген бұзушылықтар мен ауытқуларға байланысты бұзушыларға заңнамада көзделген шараларды қолдану туралы шешімдер қабылдау;

16) жер учаскесіне тиісті құқықтың, бекiтiлген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының, жобалар сараптамасының оң қорытындысының бар-жоғына, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының жүргізіле бастағаны туралы хабарлануына бақылау жүргізу;

17) құрылыс-монтаждау жұмыстарының жүргізіле бастағаны туралы хабарламада көрсетілген деректердің анықтығына бақылау жүргізу;

18) лицензияланатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң тиiстi түрлерiн жүзеге асыру құқығына лицензияның бар-жоғына бақылау жүргізу;

19) орындалған (орындалып жатқан) құрылыс-монтаждау жұмыстарының, қолданылатын құрылыс материалдарының (бұйымдарының, конструкцияларының) және жабдықтардың бекiтiлген жобалық шешiмдерге және мемлекеттiк (мемлекетаралық) нормативтерге, оның iшiнде тiреу және қоршау конструкцияларының берiктiгін, орнықтылығын, сенiмдiлiгiн және үйлердің (ғимараттардың) пайдалану сапасын қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтерге сәйкестiгiне бақылау жүргізу;

20) мердiгердiң (бас мердiгердiң) құрылыс сапасын өзiндiк өндiрiстiк бақылаудың және қадағалаудың барлық (кiру, операциялық, қабылдау, зертханалық, геодезиялық және басқа да) түрлерi мен нысандарын ұйымдастыруы мен жүзеге асыруына бақылау жүргізу;

21) атқарушылық құжаттаманың уақтылы және дұрыс ресiмделуiне бақылау жүргізу;

22) объектiлерді салу кезiнде тапсырыс берушiнiң (меншiк иесiнiң) техникалық және авторлық қадағалауларды ұйымдастыруы мен жүзеге асыруына бақылау жүргізу;

23) техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалардың Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауына мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауы және қадағалауы жүзеге асырылуына бақылау жүргізу;

24) лицензиялық бақылауды жүзеге асыру, оның ішінде тексерудің нәтижесі бойынша лицензиялау нормаларын бұзушыларға тиісті шаралар қолдану;

25) сараптама жұмыстарын және инжинирингтік қызметтерді (электрондық тестілеуді) жүзеге асырушы сарапшыларды аттестаттау жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын жүргізу;

26) мемлекеттiк органдардың, кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жер учаскелерiн нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланудың белгiленген режимiн сақтауына;

27) жер учаскелерiн өз бетiнше иеленiп алуға жол бермеуге;

28) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтарының сақталуына;

29) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру және сақтау жөнiндегi ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, орман мелиорациялық және эрозияға қарсы гидротехникалық iс-шаралар кешенiн уақтылы және дұрыс жүргiзуiне;

30) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың өздерiнде жердiң бар-жоғы, олардың жай-күйi мен пайдаланылуы туралы мәлiметтердi мемлекеттiк органдарға уақтылы беруiне;

31) жердiң жай-күйiне әсер ететiн тұрғын жай және өндiрiстiк объектiлердiң жобалануына, орналастырылуы мен салынуына;

32) жердi жақсарту жөнiндегi, топырақ эрозиясының, тұздану, батпақтану, су басу, шөлейттену, құрғақтану, тығыздалу, қоқыстану, ластану және жердiң тозуын туғызатын басқа да үдерістердің салдарын болғызбау мен жою жөнiндегi iс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуына;

33) азаматтардың өздерiне жер учаскелерiн беру туралы өтініштерін (өтiнiшхаттарын) қараудың белгiленген мерзiмдерiнiң сақталуына;

34) межелiк белгiлердiң сақталуына;

35) жергiлiктi атқарушы органдар уақытша жер пайдалануға берген жердiң уақтылы қайтарылуына;

36) бүлiнген жердiң қалпына келтірілуіне;

37) жердiң бүлiнуiне байланысты жұмыстар жүргiзiлген кезде топырақтың құнарлы қабатының сыдырып алынуына, сақталуына және пайдаланылуына;

38) жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi жерге орналастыру жобаларының және басқа да жобалардың жүзеге асырылуына мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырады және жүргiзедi;

39) гендірлік саясатты іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

40) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

41) азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру;

42) сәулет-құрылыс қызметі меселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау;

43) жергілікті мемлекеттік басқарудың мүдделері үшін Қазақстан Республикасы заңнамаларымен жергілікті атқару органдарына жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

  1. Негізгі міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жұзеге асыру мақсатында «Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзінің құзыреті шегінде мыналарды жүзеге асыруға құқылы:

1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінен Қазақстан Республикасының аумағында салынуы белгіленген және салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан объектілер мен кешендер туралы ақпарат сұрау және алу;

2) техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалардан танысу үшін осы құрылыс бойынша қажетті жобалау (жобалау-сметалық) және атқарушылық техникалық құжаттаманы, сондай-ақ тиісті жобалардың сараптама қорытындысын сұрату және олардан алу;

3) салынып жатқан объектілер конструкцияларының және қолданылатын құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының жобаның және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтердің талаптарына сәйкестігіне зертханалық сынақтар жүргізу үшін тәуелсіз зертханаларды тарту;

4) мемлекеттік нормативтерді бұзуға және (немесе) бекітілген жобалардан (жобалық шешімдерден) ауытқуға жол берілгендігі анықталған жағдайда мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) және (немесе) мердігерлік құрылыс-монтаждау ұйымының (кәсіпорнының) жол берілген бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жоюы туралы нұсқама шығарады;

5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау бөлігінде мемлекет мүддесін қорғау үшін сот органдарына шағымдану;

6) жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

7) жер заңнамасында анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде орындалуы міндетті нұсқамалар беру;

8) жер заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;

9) пайдаланылмай жатқан не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерлерді анықтау және мемлекеттік меншікке қайтару;

10) егер құрылыс, пайдалы қазбалар кен орындарын қазу, объектілерді пайдалану, геологиялық-барлау және басқа жұмыстар жер заңнамасын, жерді пайдаланудың белгіленген режимін бұза отырып жүзеге асырылып жатса, сондай-ақ бұл жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе теріс қорытынды алған жобалар бойынша жүргізіліп жатса, оларды тоқтата тұру;

11) кiнәлiлердi жауапқа тарту туралы мәселенi шешу үшiн Қазақстан Республикасының жер заңнамасының бұзылуы туралы материалдарды тиiстi органдарға немесе Мемлекеттік корпорацияға жiберу;

12) Қазақстан Республикасы жер заңнамасының бұзылуы туралы хаттамалар (актiлер) жасау;

13) Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жазалау туралы қаулылар шығару;

14) Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзу салдарынан келтірілген шығынды өтеу туралы, өз мақсатында пайдаланылмай не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жер учаскелерiн мәжбүрлеп алып қою туралы, жер учаскелерін беруге, мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға, мәжбүрлеп иеліктен шығаруға байланысты құқыққа сыйымсыз шешімдердің күшін жою туралы, сондай-ақ жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының анықталған Қазақстан Республикасы жер заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде берген нұсқамаларын осы нұсқама берілген тұлғалар нұсқамада көрсетілген мерзімде орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда оларды орындау туралы және жеке, лауазымды және заңды тұлғалардан айыппұл өндіріп алу туралы істер бойынша сотқа талап-арыз дайындау және беру;

15) қызметтiк куәлiгiн көрсеткен жағдайда, ұйымдарға кедергiсiз кiруге, меншiктегi және пайдаланудағы жер учаскелерiн тексеруге, ал әскери, қорғаныс және басқа да арнаулы объектiлер алып жатқан жер учаскелерiн - оларға кiрудiң белгiленген режимiн ескере отырып, тексеру;

16) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларға,сондай-ақ Мемлкеттік корпарацияның лауазымды тұлғаларына жердi қорғау, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының бұзылуын жою мәселелерi бойынша орындалуға мiндеттi нұсқамалар беру;

17) өнеркәсiптiк, азаматтық және басқа да құрылыстар, пайдалы қазба кен орындарын игеру, объектiлердi пайдалану, агротехникалық, орман мелиорациялық, геологиялық-барлау, iздестiру, геодезиялық және өзге де жұмыстар, егер олар Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, ерекше қорғалатын аумақтар жерiн пайдаланудың белгiленген режимiн бұза отырып жүзеге асырылса және топырақтың құнарлы қабатының жойылуына, ластануына, залалдануына немесе бүлiнуiне, эрозияның күшеюiне, тұздануға, батпақтануға және шектес аумақтарды қоса алғанда, топырақ құнарлылығын төмендететiн басқа да үдерістерге әкеп соғуы мүмкiн болса, сондай-ақ егер бұл жұмыстар экологиялық сараптамадан өтпеген не терiс қорытынды алған жобалар бойынша жүзеге асырылса, оларды тоқтата тұру;

18) мемлекеттiк органдардан жер қорының жай-күйi туралы статистикалық ақпаратты алу;

19) құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары болмаған жағдайда тұрғын жай және өндiрiстiк объектiлердiң салынуын тоқтата тұру;

20) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 65 бабымен бекітілген міндеттерді орындамаған жағдайда,жер қатынастары саласында функцияларды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесіне уақытша жер пайдалану туралы шарттарды бір жақты тәртіпте бұзу мәселелері бойынша ұсыныс енгізу;

21) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарын жүзеге асыру.

«Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы»мемлекеттік мекемесінің құрылған «Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мақсаттарына жауап бермейтін қызметпен айналысуға құқығы жоқ.

 

  1. «Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

 

  1. «Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларын жүзеге асыруға дербес жауап беретін бірінші басшы жүзеге асырады.
  2. «Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Алматы қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. «Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Алматы қаласының Бас мемлекеттік құрылыс инспекторы және жердің пайдаланылуын мен қорғалуы жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы болып табылады.
  4. «Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының орынбасарлары бар, олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады және Алматы қаласының Бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасарлары болып табылады.
  5. «Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттіктері:

1) «Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүддесін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жағдайларда және шегінде барлық ұйымдарда білдіреді;

2) «Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіруге сенімхат береді;

3) «Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық және шет елдік орталықтарда және қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттырудың өзге де түрлері бойынша оқытудың тәртібі мен жоспарын бекітеді;

4) «Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің банк шоттарын ашады;

5) «Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

6) «Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің өкілеттігін белгілейді;

7) «Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін көтермелеу және тәртіптік жаза қолданутуралы шешім қабылдайды;

8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына қарсы шараларды қабылдайды және осы үшін  жеке жауапкешілікте болады;

9) лицензияға және оның қосымшаларына, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттауға және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеуге,сондай-ақ басқа да құжаттарға қол қояды;

10) оған Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

  1. «Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзінің орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді.
  2. «Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атынан «Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға және басқа да мемлекеттік мекемелерге жолданатын құжаттарға Басқарма басшысы, ал ол жоқ болған жағдайда – орынбасарлары қол қояды.
  3. «Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді.
  4. «Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтік құқықтық актілерімен жүктелген өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

 

  1. «Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі

 

  1. «Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оралымды басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.

«Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен қалыптастырылады.

  1. «Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

29.Егер заңнамамен өзгеше белгіленбесе, «Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгеде тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

  1. «Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. «Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.