Басқарма басшылыгы

Жақсымбетов Қайыржан Серікбайұлы, 1975 жылы 4 ақпанда Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік Бас Құрылыс-сәулет Академиясының түлегі. Екі мамандық бойынша жоғары білімі бар: инженер-құрылысшы және заңгер.

Еңбек жолы

01.07.1997ж. - 10.03.1999ж. – АО «Жамбылсагропромстрой»,  құрылыс учаскесінің мастері  (Жамбыл облысы)

27.07.1999ж. - 01.12.2000ж. – АО «Ақбулақ», құрылыс учаскесінің мастері  (Жамбыл облысы)

04.05.2001ж.-18.03.2002ж. – Алматы қаласы, Әуезов ауданы әкімінің аппараты, құрылыс және комуналдық шаруашылық бөлімінің маманы

01.04.2002ж.-02.06.2003ж. – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаменті, техникалық бақылау бөлімінің жетекші маманы   

05.06.2003ж.-12.04.2004ж. –«Сары арқа» ЗТБ-сының вице президенті (Жамбыл облысы)

01.06.2004ж.-17.11.2006ж. – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаменті, техникалық бақылау бөлімінің жетекші маманы 

17.11.2006ж.- 01.06.2009ж. – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаменті, құрылыс-сәулет бақылау бөлімінің бас маманы   

01.06.2009ж.-29.11.2011ж. – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаменті, тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды қайта жоспарлауды және қайта жабдықтауды бақылау бөлімінің басшысы   

29.11.2011ж.-16.03.2016ж – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті, Басшының орынбасары

16.03.2016 ж. Алматы қаласы Әкімі қауылысы негізінде Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы болып тағайындалды, Алматы қаласының  Мемлекеттік Бас құрылыс инспекторы.

Ұзақ мерзімді адал еңбегі үшін Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігінің төрағасы және қаланың құрылыс кешенін дамыту үшін Алматы қаласының әкімінің алғыс хаттарымен марапатталған. «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсізідігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған