Сұрақ- жауап

Сұрақ: Мемлекеттік лицензияны қалай алады?
Жауап: Лицензияны алу үшін Сізге «E.License» порталында тіркелуіңіз қажет. 10 АЕК сомасында лицензиялық алымды төлеу  (БСК 105402, ТТК 911). Біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысанын толтыру. (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің м.а. 2014 жылғы 09 желтоқсандағы №136 Бұйрығымен біліктілік талаптар бекітілген.)

Сұрақ: Лицензиялар қандай санаттарға бөлінеді?
Жауап: Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңының 32 бабы 2 тармағына сәйкес, Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобалау қызметін және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыру үшін жеке және заңды тұлғалар мынадай санаттарға бөлінеді:

  • I санат – осы тармақта аталған, қолда бар лицензиясы шеңберінде барлық жауапкершілік деңгейлеріндегі объектілерде қызметті жүзеге асырады;
  • II санат – осы тармақта аталған, екінші және үшінші жауапкершілік деңгейлеріндегі объектілерде қызметті, сондай-ақ қосалқы мердігерлік шарттары бойынша қолда бар лицензиясы шеңберінде бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерде жұмыстарды жүзеге асырады;
  • III санат – осы тармақта аталған, техникалық қиын емес екінші және үшінші жауапкершілік деңгейлеріндегі объектілерде қызметті, сондай-ақ қосалқы мердігерлік шарттары бойынша қолда бар лицензиясы шеңберінде бірінші және екінші жауапкершілік деңгейлеріндегі объектілерде жұмыстарды жүзеге асырады.

Сұрақ: Лицензия алуға берілген өтініштерді қарау мерзімі?
Жауап: Қарау мерзімі он бес  жұмыс күнінен құрайды (Қазақстан Республикасы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 30 бабына сәйкес)

Сұрақ: Мемлекеттік лицензияны растау қажет пе?
Жауап: Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы лицензиялар мерзімсіз болып табылады.

Сұрақ: Өндірістік базасы Алматы қаласы шегінен тысқары орналасқаны бола ма?
Жауап: Өндірістік базалардың орналасқан жері регламенттелмеген, кез келген өңір.

Сұрақ: Жеке кәсіпкер құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыруға лицензия алуға мүмкіндігі бар ма?
Жауап: Мүмкін, бекітілген біліктілік талаптарға сәйкес болған жағдайда  (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2014 жылғы 09 желтоқсандағы №136 Бұйрығымен біліктілік талаптар бекітілген).

Сұрақ: Мемлекеттік лицензия қай жерде қызмет етеді?
Жауап: Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік лицензия бас болып табылады және Қазақстан Республикасының барлық аумағында қызметін жүзеге асыра алады.

Сұрақ: Жобаның авторына жобаны сүйемелдеу үшін авторлық қадағалау сарапшысының аттестаты қажет па?
Жауап: Жобаны әзірлеуші нысан құрылысына авторлық қадағалауды жүргізуді (жүзеге асыруды) беруге құқылы.

  1. сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру құқығына арналған тиісті аттестаты бар сарапшы
  2. Тапсырыс берушіге тиісті аттестаты бар авторлық қадағалауды жүргізу бойынша инжинирингтік қызметтерін жеткізушіні дербес таңдау үшін.
  3. Авторлық қадағалауды жүргізу және ұйымдастыру тәртібі сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері бойынша өкілетті мемлекеттік органымен бекітілген мемлекеттік нормативтік құжаттарымен белгіленеді.

Сұрақ:  Орта-кәсіптік білімі бар сарапшы аттестатын алу мүмкіндігі бар ма?
Жауап: Жоқ, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстарды және инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестациялау ережелерінің талаптарына сәйкес (2014 жылғы 27 қарашадағы №114 Бұйрық) тиісті жоғары білімі бар тұлғалар ғана аттестациялауға жіберіледі.

Сұрақ: Аттестаттың қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда қайта аттестациялауды қалай өтуге болады?
Жауап: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 26қаңтардағы № 38-2/36-И хатына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 114 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 қаңтарда № 10058 тіркелді) (бұдан әрі-Қағида), сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын, сарапшыларды аттестаттау Қағидаларына сәйкес аттестациялау жүргізіледі, Қағидаларға сәйкес,аттестаттың мерзімі (бұдан әрі-сарапшы аттестаты) көрсетілмеген (2015 жылдың 12 ақпанында күшіне енген).

Осылайша, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптама жұмыстарын және инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын, сарапшы аттестаты мерзімсіз беріледі.

Айтылғандардың негізінде, Сізге аттестатты қайта аттестациялаудан өтпей қайта ресімдеуіңіз қажет.

Сұрақ: Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қандай қызмет түрлері лицензиялауға жатады?
Жауап: Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының (бұдан әрі-Заң) 5 тарау 28 бабына сәйкес қызмет түрлерінің және кіші қызмет түрлерінің толық тізбесі белгіленген. Заңның №1 қосымшасы 4,5,6 тармақшаларымен, Қазақстан Республикасы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында лицензиялауға жататын жұмыс түрлері және кіші жұмыс түрлерінің тізбесі бекітілген.

Сұрақ:  Мемлекеттік лицензияны қайта ресімдеу барысында қандай құжаттар қажет.
Жауап: Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін өтініш беруші келесі құжаттарды ұсынады:

  • Мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес,қызмет алушы өтінішті электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған, электрондық құжаттар нысан бойынша өтініш.
  • "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, (1 АЕК) лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат.
  • Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған, өзгерістер туралы ақпараттары бар құжаттардың көшірмесі.

Сұрақ:  Лицензиялық алым қайда төленеді?
Жауап: Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады, келесі реквизиттер бойынша БСК 105402, ТТК 911, төлеу заңды тұлғадан (ЖШС) жүргізіледі. Іздестіру қызметіне лицензия алуға, қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқаларын беруге электрондық сұрау берілген жағдайда, төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Сұрақ:  Заңды мекен-жайы өзгергеннен кейін мемлекеттік лицензияны қанша уақыт ішінде қайта ресімдеу қажет?
Жауап: Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 33 бабы 4 тармағына сәйкес осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу туралы өтінішті өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туындаған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде беруге тиіс.